Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2023
  • 1867

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар оны бірауыздан қолдады. Сенат төрағасы мемлекет басшысы мен халықтың сенімін ақтауға бар күшін салатынын айтып, алғысын жеткізді.

"Құрметті әріптестер, кездесуімізге президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Конституцияға сәйкес, ол мені Палата спикері қызметіне ұсынды және сол арқылы маған үлкен сенім білдірді. Мен үшін бұл - үлкен жауапкершілік. Сіздер мемлекет басшысының ұсынысын қолдадыңыздар. Бұл үшін көп рақмет. Мемлекет басшысы мен халықтың сенімін ақтауға бар күшімді саламын", - деді Мәулен Әшімбаев.