Русский Сайттың толық нұсқасы

Анасы оқушы қызын 600 мың теңгеге сатып жіберген

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2023
  • 1757

Анасы оқушы қызын 600 мың теңгеге сатып жіберген. Түркістандық жігіт жасөспірімді Жетісайға алып қашып, оның өтеуі деп анасына ақша береді. Оны әлеуметтік желіден көрген әкесі бірден полицияға арызданады. Айтуынша, олар жеткіншектің анасымен ажырасып кеткен, кәмелетке толмаған перзенті үшін алимент төлейді.

ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ:

Бұл жағдайды дәстүр бойынша қыз алып қашу дей салуға болмайды. Қылмыс жасау фактісі расталды. Сонымен қатар 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу де қылмыс, себебі бұл некеге мен өз рұқсатымды берген емеспін. Себебі, қызым 15 жаста ғана. Ол өздігінен шешім қабылдай алмайды. Бұл жерде де қылмыс дәлелденіп отыр.

Құзырлылардың дерегі бойынша, қыз танысына тұрмысқа шыққан. Ал анасы кейін қызды алып кеткен. Қазір бұл іс бойынша сараптама тағайындалды.

Гүлнар АБДУЖАППАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Шымкент тұрғынының кәмелетке толмаған қызын үйлену мақсатында алып қашқаны туралы арызы бойынша, Жетісай ауданының полициясы ҚР ҚК-нің 122-бабымен «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

А. Задабек