Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ауылға деген көзқарасты түпкілікті өзгертетін уақыт келді», - Е.Қошанов

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2023
  • 1403

Ауылға деген көзқарасты түпкілікті өзгертетін уақыт келді. «Ауыл аманаты» жобасының негізгі мақсаты осы. Жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтару қарқынды жүруде. Тіпті шалғай елдімекен тұрғындары мәселелерін айту үшін ауданға, облысқа бармайды. Көшпелі қабылдау жүйелі ұйымдастырылған.

Саяси реформалар елдің кез келген саласына ықпал етеді. Сондықтан әлеуметтік, экономикалық ахуал оң болу үшін алдымен саясат дұрыс болуы керек. Президент осыны ескеріп, батыл қадамдарға барды. Алдымен партияға төрағалық етуден бас тартты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат.

«ADAL» «AMANAT» партиясымен бірікті. Бұл қадам партия жұмысына жаңаша серпін берді. Жаңа өзгерістерден соң партия Президенттің реформаларын іске асыруда ауқымды жобаларды қолға алды. Соның бірі пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатында «Жер аманаты» комиссиясы құрылды. Нәтижесінде комиссияның араласуымен 3 млн. гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Былтыр Президент игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді қайтару жөнінде Бас прокуратураға және де Үкіметке өзінің тапсырмасын берген болатын. Бұл жұмысқа «AMANAT» партиясының жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді ат салысып келеді.

Ауыл халқының әл-ауқатын, өмір сапасын жақсарту мақсатында Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынды. Партия 250 мыңнан астам ауыл тұрғынын жобамен таныстырды. Ол үшін арнайы құрылған мобильді топтар барлық өңірді аралап шықты. Жобада ауыл тұрғындарының бизнес бастауға несие алудың ыңғайлы, әрі жылдам жолдары қарастырылған.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ауылға деген көзқарасты бүгін түпкілікті өзгертетін уақыт келді. Сондықтан мемлекет басшысы өзінің сайлау алды бағдарламасында ауыл мәселесін бірінші кезекке қойып отыр. Бүгін басталғалы отырған «Ауыл аманаты» жобасы да осының дәлелі. Ауыл халқының тұрмысын жақсартуға, табысын арттыруға барлық әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған нақты жоба.

Жаңғыруға бет алған «AMANAT» партиясы көшпелі қабылдау өткізуді жолға қойды. Партия жанынан арнайы мо¬бильді топтар құрылып, шал¬ғай елді мекендердің тұрғындармын тілдесті. Мәселелерін шешті. «AMANAT» партиясының кезектен тыс 24-ші сьезінде жаңа тұғырнама бекітілді.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы, бүгінгі съезді тарихи съезд деп айтуға толық қақымыз бар. Біз партияның жаңа Саяси тұғырнамасын қабылдадық. Оның басты қағидасы – адам, қоғам және мемлекет. Ондағы принциптер Президентіміздің саяси реформаларымен үндес әрі сабақтас. Партия алдағы қызметінде осы ұстанымдарды басшылыққа алады.

Қайта трансформациялаудан өткен партия халықтың мәселесін алдыңғы кезекке қойып келеді. Биылғы жоспардың, жобалардың да ауқымы кең. Соның бір жақында іске қосылған «Құқықтық көмек» жобасы. Айта кетейік, өткен жылдан бері 29 мыңнан астам адам партия қатарына қосылған.

Б. Сатуов