Русский Сайттың толық нұсқасы

Былтыр 30 мыңға жуық адам жүрек ауруынан көз жұмған

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2023
  • 2583

"Жүрегі тоқтап қалды". "Ұйқыдан оянбай қалды". Соңғы кезде мұндай жағдайды жиі еститін болдық. Ресми статистикаға сүйенсек, елімізде жүрек ауруына шалдыққандар саны 1,5 млн адамнан асады. "Оның дені 40-тан асқан азаматтар",- дейді дәрігерлер. Ауру неге дендеп барады? Әріптесім Дәрібек Бахытбек толығырақ тарқатады.

Галина Антонованың жүрегі 10 жыл бұрын сыр беріпті. Бірақ, дәрігер диагноз қойғанда, сенбедім дейді. Кейін бар күш жігерін жинап, операцияға келісіпті. Бағына орай дерті жеңіл екен. Қазір бәрі жақсы дейді.

Галина АНТОНОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

Менің жүрегім ауырып жүрді баста. Ал, 2022 жылы қатты байқалды. Сосын дәрігерге қаралуға келгенімде жатқызып қойды. Ота жасады. Шүкір дертім жеңіл екен. 1 апта болған жоқ. Енді үйге шығарғалы жатыр.

Дәрігерлер 40-тан асқан азаматтар арасында жүрек ауруына шалдығушылардың көбейгенін айтады. Күніне шамамен 30-ға жуық адам тексерілуге келеді дейді. 10-15 адамға операция жасалады.

Әнуар МҰРАТБЕКҰЛЫ, ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГ ДӘРІГЕР:

Ең бірінші себебі бұл енді қандағы майлардың шамадан тыс болуы. Бұған біздің жеп отқан күнделікті асымыз және зиянды әдеттер осы майлардың жоғарлауына әкеліп соғады. Бұның бәрін әрине алдын алуға болады. Оның алдын алу үшін өсімдік текті тағамдарды жиі қолдану, суды көбірек ішу, спортпен айналысу және өзің өзі күту осы жүрек ауруының алдын алуға едеуір септігін тигізеді.

Ресми мәліметке сүйенсек, былтыр елімізде жүрек ауруымен 1 734 164 адам тіркелген. Оның 5598 бала болса, қалғаны- ересек адам. Ал 2021 жылы 41 356, 2022 жылы 29 895 адам осы дерттен көз жұмған.

Мамандардың айтуынша, жүрек ауруы тұқым қуалайды. Бірақ одан да арылуға болады дейді. Тек оған немқұрайлы қарамау керек.

Д. Онласын