Русский Сайттың толық нұсқасы

Конституциялық сотқа 600-ден астам өтініш түскен

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2023
  • 1797

Жаңадан құрылған Конституциялық сотқа 600-ден астам өтініш түскен. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмаханов айтты. Оның сөзінше, арызданушылар өте көп. Алайда, Конституциялық сотқа жүгінудің өз тәртібі бар дейді. Ол қандай тәртіп? Бекболат Сатуов түсіндіреді.

Конституциялық соттың құрылғанына бір айға жуықтады. Оған жүгінетіндер саны күннен күнге көбеюде. Алайда, шағымданушылардың дені соттың шешімімен келіспейтіндерін айтып, арызданатынын көрінеді. Ал конституциялық сот шығарылған шешіммен емес, құқықтық нормалардағы қайшылықтармен күреседі.

Бақыт НҰРМАХАНОВ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аудандық, облыстық, жоғарғы соттың шешімдеріне құқықтық баға бермейді. Оларды қайтадан қарамайды және күшін жоймайды. Қазіргі таңда азаматтардан келіп жатқан өтініштердің басым көпшілігі осы мәселелер. Конституциялық сот заңның нақты бір бабын,нормасын, тармағын, бөлігін қарайды.

Конституциялық соттың жұмысы туралы әлі көпшілік біле бермейді. Көп адам ондай құрылым бар екенінен де мүлдем хабарсыз.

БЛИЦ:

- Конституциялық сот туралы естуіңіз бар ма?

- Нет, ешқандай нәрсе естіген жоқпын.

- Білмеймін оны шынын айтқанда. Енді конституциялық сот жоғарғы сот қой енді ол.

- Жаңадан құрылып жатыр ғой. Оның адамдарын танымайды да екем мен.

Қазір әлемнің 70-тен астам елінде Конституциялық сот бар. Еуропа, Латын Америкасы және ТМД елдерінде кең таралған. Оған кез-келген адам сауал жолдап, жауап ала алады. Бұл құқықтық күрестің өркендеуіне әкеледі. Белгілі заңгер- Ерқанат Бейсенов те Конституциялық сот құқықтық негіздерге және сот жүйесіне жаңа леп беретініне сенеді.

Ерқанат БЕЙСЕНОВ, ЗАҢГЕР:

Бүгінгі таңда Конституциялық сот қайта қалпына келтірілгендіктен, менің ойымша, жаңа сот практикасы пайда болады. Бұл - біз үшін аса қажет. Сондықтан мен конституциялық соттың әрекеті Конституциялық Кеңеспен салыстырғанда теориялық тұрғыдан тиімді болуы керек деп үміттенемін.

Конституциялық сот азаматтардың арыз-шағымын 3 ай қарайды. Жауаптардың 70 проценті жазбаша жолданады

Б. Сатуов