Русский Сайттың толық нұсқасы

«Үміткерлерді таңдаудағы басты үш қағида: ашықтық, әділдік және жаңару»,- Е.Бейсенбаев

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2023
  • 941

Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, партия өз сайлауалды бағдарламасын әзірлеп жатқанын жеткізді. Мәжіліс сайлауына ұсынылатын партиялық тізім ашықтық, әділдік және жаңару принциптері бойынша жасақталатынын атап өтті. Бүгінде жер-жерде сайлау штабтары құрылып, партия белсенділері мен еріктілері алдағы үгіт жұмысына қызу дайындықты бастап кеткен. Сондай-ақ, кез-келген тұрғын партияның қоғамдық қабылдауына және өңірлік филиалдарға келіп ұсыныс беруіне болады. Халықтың ұсыныс-тілегі сайлауалды бағдарламада ескеріледі.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Өзге партияның біз сияқты ауыл-аймақтарға, аудандарға бара алатын мүмкіндігі жоқ. Олар енді оған талпынбай ма, оларға қойылатын сұрақ. Сол себептен біздерде ауылдарда, аудандарда «AMANAT» партиясына шынайы бір бәсекелестік тудыратындай саяси партия әзірше жоқ.

Ә. Дүкембаева