Русский Сайттың толық нұсқасы

Анасынан 800 мың теңге ұрлады

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2023
  • 1477

Ақмола облысының тұрғыны анасының шотынан 800 мың теңге ұрлаған. Polisia.kz. дерегінше, күдікті 41 жаста. Степногорск қаласының полиция басқармасына 67 жастағы жергілікті тұрғынның ұрлық фактісі туралы өтініші келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол өтініш берушінің бұрын ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1982 жылы туған ұлы болып шықты. Полиция басқармасы аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.