Русский Сайттың толық нұсқасы

2 мың бала ұшақпен тегін саяхаттайды

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2023
  • 1143

Биыл Kids go free бағдарламасы шеңберінде Қазақстан бойынша тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны 2 мыңға дейін артады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Бурабай курорттық аймағында өткен жиында мәлімдеді. Өткен жылы бұл жеңілдікті 1500 бала пайдаланған.

«Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндіктер. Сонымен қатар, Kids go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды», - деді Асхат Оралов.