Русский Сайттың толық нұсқасы

Алып бала дүниеге келді

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2023
  • 1991
Шығыс Қазақстан облысындағы ана мен бала орталығында салмағы 6 келі, бойы 56 саниметр сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анықталғандай, жаңа туған сәбидің анасы Нәзигүл Мұратхан Күршім ауданы Сарыөлең ауылының тұрғыны. Ол алтыншы баласын өмірге әкелді.

«Сәбидің салмағы қалыпты нормадан артық болғанына қарамастан анасы оны уақытында және ешқандай медициналық араласусыз дүниеге әкелді. Іштегі шарананың салмағы төрт келіден артық болса, ондай аналар міндетті түрде осы акушерлік және гинекология бөлімшесінде босанады», - деді Орталықтағы акушерлік және гинекология бөлімшесінің басшысы С. Куркумбаев.

Өткен жылы бұл орталықта 951 бала өмір есігін ашқан. Олардың ішінде салмағы бес келіден асқан он алты нәресте бар.