Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда су құбырында тағы да ірі апат болды

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2023
  • 1125

Петропавлда су құбырында тағы да ірі апат болды. Қала әкімі Руслан Анбаевтың айтуынша, апат оңтүстік-шығыс су құбырында болған.

"28 қаңтарда сағат 7-де 314-ші атқыштар дивизиясы көшесінің бойында диаметрі 800 мм су құбыры зақымдалды. Салдарынан қалалық желідегі қысым төмендеді. Қазіргі уақытта бұл учаскеде су қысымы қалпына келтіріліп жатыр", - деді қала басшысы.

Алайда жұмыс толық аяқталғанға дейін Жұмысшы ауылында, Береке шағын ауданында, Вокзал маңы ауданында су болмайды.Әкімдік мән-жайды баяндап, ақпарат беріп отыратынын айтты. Қала әкімі Руслан Анбаев жағдайды жеке бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Айта кетері, бұл - қалалық су құбырында болған төртінші ірі апат.