Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлытау облысының жедел жәрдем дәрігерлері жаңа автокөліктердің кілттерін алды

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2023
  • 1499

Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының жедел медициналық жәрдем станциясының базасында жедел жәрдем автокөліктерінің кілттерін салтанатты түрде тапсыру өтті. Облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес өткен жылы республикалық бюджет есебінен 7 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды. Бул туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Санитариялық автокөлікті беру рәсіміне Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, мемлекеттік органдардың басшылары, медициналық жұртшылықтың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ұлытау облысының әлеуметтік - экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылуда, оның шеңберінде түрлі көздерден қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы 19 жобаны іске асыру көзделген. Мәселен, облыстық жедел жәрдем станциясы үшін 7 жедел жәрдем автокөлігі мен 5 реанимобиль, 7 мобилдік гараж кешені мен Сәтбаев қаласының емханасын сатып алу жоспарланған.

«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңа автомобилдермен қамтамасыз ету өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз», - деп есептейді өңір басшысы.

Жаңа жедел жәрдем машиналарын Жезқазған (2), Сәтбаев (2) қалаларының, Қаражал қаласының Жәйрем кентінің (1), Жаңаарқа ауданының (1), Ұлытау ауданының Жезді кентінің (1) жедел медициналық жәрдем станциялары алды. Бұл санитариялық көліктер заманауи портативті медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Фото el.kz