Жеңіс Қасымбектің сөзінше, қаланың дамуы үшін сол сияқты жеке инвестициялар да тартылып жатыр. Ал биыл 30-ға жуық жобаны іске қосуды жоспарланып отыр. Жеке инвестициялардың жалпы сомасы 118 млрд теңгеден асады. 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
"Олар — өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, білім беру саласындағы 5 нысан (мектептер, балабақшалар), логистика саласындағы 4 жоба, спорт кешендері және т.б. Бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бірге №1 Индустриялық паркте бірқатар кәсіпорынның жұмысымен таныстық. Олардың қатарында ModeX модульдік үй құрылысы зауыты, мамандандырылған техника құрастыру зауыты, витраждар, терезелер, медициналық жабдықтар, жиһаздар, респираторлар және т.б. Кәсіпорын өкілдерімен бірге №1 индустриялық парк бойынша өзекті мәселелерді талқыладық",- деді қала әкімі.