Русский Сайттың толық нұсқасы

Қос елдің өзара қарым-қатынасы үлгі тұтарлықтай - Н.Назарбаев

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2016
  • 2248

Қос елдің өзара қарым-қатынасы үлгі тұтарлықтай. Бүгін Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Онда Мемлекет басшылары бірнеше мәселені қарастырды. Аймақтық және халықаралық деңгейдегі өзекті сұрақтарға қатысты пікір алмасты. Оған қоса G20 саммиті аясында өтетін кездесулерге дайындық барысын пысықтады. Ал Достық және өзара көмек келісіміне сай құрылған қазақ-ресей қарым-қатынасы тұрақты. Сенімді көрші және серіктес ретінде барлық сұрақтар өркениетті елдердегідей шешімін табуы тиіс, - деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Считаю, что наши отношения являются образцовыми и в политическом, и в экономическом плане. За эти годы создано 6 тыс совместных казахстанско-российских предприятий, которые стали реальным воплощением нашей интеграции в жизнь.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми Анкарамен арақатынасты реттеуге жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.

Владимир Путин, РФ президенті:

Хотел бы вас поблагодарить за те усилия, которые вы предприняли. Имею в виду вашу посредническую миссию. Как видим, она увенчалась успехом. Мы искренне стремимся к восстановлению полноформатных отношений с дружественной нам Турцией. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ