Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана сусыз қалуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2023
  • 1151

Су тапшы кезеңдерде Астана сусыз қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сумен қамтудың резервті көздері бойынша проблема өзекті күйінде қалып отыр. Су тапшы кезеңдерде нақты қауіп туындауы ықтимал: қала сусыз қалады. Экология министрлігіне бүгін қала әкімі айтқан барлық ұсынысты, соның ішінде Астана су қоймасын сумен қамтамасыз етуді ұлғайту бойынша мәселесін зерделеу керек. Сондай-ақ №3 сорғы-фильтр станциясының және кәріз-тазарту нысанының құрылыстарын тездету маңызды», - деді Мемлекет басшысы.