Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 200 үй тұруға жарамсыз - Президент

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2023
  • 1654

Астанада 200 үй тұруға жарамсыз. Қазір Асан Қайғы көшесін жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алайда 5 жылда көшедегі ескі үйлердің 14 проценті ғана бұзылған. Халық ғимараттардың тығыз салынып жатқанына наразы. Тіпті, кейбір тұрғын үйлер жылумен де қамтылмаған.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Соңғы кезде ескі және апатты жағдайда тұрған үйлерді сүріп тастауға қатысты жұмыс тоқтап қалды. Оның орнына берілетін жаңа баспана саны 70 пайызға азайып кетті. Сондай-ақ 360 астам үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Оларды жаңғырту жоспарын әзірлеу қажет.