«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов бүгін партияның кезектен тыс XXV Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев өзінің "Facebook" парақшасында мәлімдеді. Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады.
А. Базарбай