Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру: 33 975 өтінім мақұлданып, 9 658 адам жаңа нөмір алды

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2023
  • 1670

Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аясында соңғы бір күнде тағы мыңға жуық қазақстандық өз көліктерін сәтті заңдастырып, құжаттары мен жаңа нөмір алды.

"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Бүгінде 33 975 өтінім мақұлданған. 9 658 автокөлік сәтті заңдастырылды",- деді ҚР ІІМ

Айта кетсек, Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы 23 қаңтарда басталды. Бұл - бір реттік акция. Заңдастыру бойынша бекітілген ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады. Бұл жеңілдікті жеңіл автомобильдер, шағын, орта автобустар (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автомобильдері (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде рөлі оң жақта орналасқан автомобильдер иесі пайдалана алады.