Русский Сайттың толық нұсқасы

Йозеф Тот: Қазақстанды мұнай өндірісін азайтуға ешкім мәжбүрлей алмайды

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2016
  • 3141

ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісін азайту туралы келісімге келгенмен, Қазақстанды ешкім мәжбүрлей алмайды. Яғни қара алтын өндірісін азайтып, көбейтсе де өз еркі. «Астана» телеарнасына берген сұхбатында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тот осылай деді. Ал әлемдік мұнайдың оңтайлы бағасы, баррелі үшін 60-65 доллар болуы керек. Сол кезде тепе-теңдік сақталар еді деп отыр. Бүгінде мұнайдың әлемдік нарықтағы көрсеткіші - баррелі үшін 49 доллар.

Йозеф Тот, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті:

Егер біз мұнай өндірісін азайту бойынша қабылданып жатқан келісімге қатыспасақ, ондағы міндеттерді орында деп бізден ешкім талап ете алмайды. ОПЕК қызметінің тарихын қарасақ, мұнай өндірісін төмендету бойынша келісімдер бұған дейін де қабылданды. Және олар тек ОПЕК мүшелеріне тарады. Сонымен қатар шикізат көлемін азайтуға көніп, келісімге қол қойғандарға қатысы болды. Ал оған араласпағандарға ол келісімдердің әсері болған жоқ. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ