Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп ұшты

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2016
  • 2238

Бүгін Алматы халықаралық әуежайында кейінге шегерілген әуе рейстері қайта қалпына келтірілді. Қою тұманның салдарынан ондаған ұшақ қаладан ұшып шыға алмады. Сондай-ақ Алматыға қонуы тиіс кейбір халықаралық рейстер де кешіктірілген болатын. Бұл туралы Халықаралық әуежайдың әлеуметтік желілердегі парақшаларында арнайы ақпарат таратылды.

Ауа райының қолайсыздығынан бүгін түске дейін барлығы 18 рейс кестеден ауытқыды. Ішкі рейстер бойынша  «Скат», «Қазақ Эйр», «Эйр Астана» әуе компанияларының Семей, Қостанай және Астана қалаларына ұшуына рұқсат берілмеген. Ал сырттан Тбилиси, Душанбе және  Нью-Делиден ұшып шыққан әуе көліктері кешігіп жетті. Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі фейсбуктегі парақшасында, қазір ұшақтар кестемен көкке көтеріліп жатыр, деп жазды.  

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ