Мектеп
оқушыларына жаппай бір үлгіде киіну туралы талап қойылмайды. Білім және ғылым
министрлігінің өкілдері мектеп формасына қатысты осындай түсініктеме беріп
отыр. Яғни елімізде бірыңғай форма жүйесі енгізілгенімен, оның үлгісін таңдау
білім ордаларының қалауына берілген. Бұл үрдіс алдағы уақытта да солай қала
бермек. Айта кетейік, соңғы уақытта «елдегі мектеп оқушыларының барлығы бірдей
киінуі тиіс» деген ақпар тараған еді. Құралай Пионер тарқатады.
Жаңа
оқу жылы жақындаған сайын қарбалас күйге түсетін ата ана көп, солардың бірі - астаналық Кәрима Шоңғараева. Тұңғыш немересі Ажар бірінші сыныпқа бармақ.
Кітап-дәптері мен сөмкесі реттелген. Енді мектеп формасын алу керек. Биыл № 65
мектептің оқушылары үшін трикотаждан тігілген киім үлгісі таңдалыпты.
Кәрима
Шоңғараева, Астана қаласының тұрғыны:
Бір
ай бұрын тапсырыс бергенбіз. Енді дайын киімді алайық деп тұрмыз. Жақсы киімі,
өте жарасып тұр. Әдемі. Тағы басқа киімдер аламыз. Әлі екі көйлегі, спорт киімі
бар. Шамамен енді 50-60 мыңға барады.
Ең
бастысы - киім ыңғайлы. Сондықтан әжей немересінен қаражатты аяп қалғысы жоқ. Жалпы
соңғы 10 жылдан бері елімізде әрбір мектептің өзіндік формасы бар. Басты шарт -
классикалық үлгіден ауытқымауы тиіс. Мына шағын цех Астанадағы 15 мектептен
тапсырыс алған.
Бейбіт
Құлшыбаева, дүкен желісінің директоры:
Әр
мектепке жаңа ұсыныстарын енгізуге тырыстық. Бірақ көп мектептер өзінің ескі
формасында қалғысы келді. Баға жағын айтатын болсақ, біз бүкіл шикізатты
шетелден алып келеміз. Сондықтан баға да өзгереді. Былтыр 13 мың 900 болса,
биыл 16 мың 700-ден. Комплекттер. Оған кофта трикотажды, жилет, сосын шалбар
немесе юбка кіреді.
Соңғы
уақытта БАҚ беттерінде "елімізде оқушылар формасы бірыңғай жүйеге көшеді
екен" деген ақпардың тарап жатқаны бар. Тіпті ғаламторда оның алғашқы
сызбасы да көрсетілген. Бірақ бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі жоққа
шығарды. Ведомство өкілі, оқушылардың киім үлгісі әлі де әрбір мектептің ішкі
таңдауы, дейді.
Қалкен
Жакин, ҚР Білім және ғылым министрлігі департамент басшысының міндетін
атқарушы:
Бірыңғай
мектеп формасын енгізу көзделмеген. Мектеп формасын енгізу мектеп ұйымының және
ата-аналардың құзыретінде. Сол себептен әр мектепте мектеп формасы ерекше
болады.
Дегенмен,
министрліктің де өзіндік талабы жоқ емес. Тиісті ережелерге сәйкес, мектеп
формасында үштен артық түстің араласпауы шарт. Аллергиялық аурулар қоздырмайтын,
классикалық үлгідегі, жылы, әрі қозғалуға ыңғайлы матадан тігілуі тиіс. Өзгесі
ата-ананың қалауында. Мәселен, №65 мектептің ата-аналар кеңесі биыл таңдауды
сапа мен бағаға жасапты.
Нұргүл
Құспанова, №65 мектеп ата-аналар кеңесінің төрайымы:
Ата-аналар
кеңесінен 7 адам кірді. Сөйтіп, қара-көк түсті киімді таңдадық. Ол - шаршауды
басатын түс. Мата да жақсы. Ең бастысы - бағасы қолжетімді. Өйткені біреудің
шамасы бар, біреудікі жоқ дегендей. 3-4 баласы барларға тіптен қиын. Меніңше,
оқушылар бір-бірінен ерекшеленбеуі тиіс.
Бүгінде
мектеп формалары базарлар мен жәрмеңкелерге де шығарылған. Бірақ мұнда да
қалағанын таппай жүрген ата-аналар
қауымы жетерлік екен. Көпшілігі әлбетте бағаның тым қымбаттығын алға тартады.
Ал оқу мерзімі болса, басталуға таяп қалды.
По
8, 6, 5. - Дорого, да? - Да. Блузки. Я думаю, очень дорого.
Құралай ПИОНЕР