Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО рейсті автобус жолдан шығып кетті

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2016
  • 2292

Шығыс Қазақстан облысында 3 күн жауған қардың арты жаңбырға ұласып, көктайғаққа айналды. 40-қа жуық жолаушысы бар автобус апатқа ұшыраған. Абырой болғанда, адамдар аман. Бүгінде республикалық Өскемен-Алматы, Өскемен-Ресей бағытындағы тас жолдар жабылды.

Азамат Қапышев, ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы:

Өскемен-Алматы тас жолында Аягөз қаласынан 55 шақырым жерде 38 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кеткен. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган мамандарының біріккен күшінің арқасында автобус трассаға шығарылып, өз бағытымен жолға шықты.

Құтқарушылар шаңғымен 9 шақырым жерді артқа тастап, Зырян ауданындағы шаруа қожалығының күзетшісіне көмек көрсеткен. Ол азамат қардың құрсауында қалып қойған. Бұл жаққа тіпті арнайы техника өте алмаған.

Өскемен көшелері мұз айдынына айналған. Сулы қардың салмағын көтере алмаған шатырлар құлап жатыр. Үй төбелеріне қатқан мұз да қауіп төндіріп тұр. Қала тұрғындары мұндай жерлерге арнайы белгілер қойған.