Русский Сайттың толық нұсқасы

Журналист Бигелді Ғабдуллин қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2016
  • 4049

Белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин қамауға алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлықпен күрес ұлттық бюросы хабарлама таратты. Онда «Central Asia Monitor» және «Радиоточка.kз» басылымдарының бас редакторы қызметін атқарған Ғабдуллин мемлекеттік орган басшыларының беделін түсеретін мақалалар жариялаған делінген.  Кейін жазылған сынды тоқтату үшін, мемлекеттік лауазымды қызметкерлерден өзінің медиа ресурстарына мемлекеттік тапсырыс беруді талап еткен деп айыпталып отыр.

Ұлттық бюро мысал да келтірген. Журналист бопсалау арқылы Жамбыл облыстық әкімдігінен 10 миллион теңге алған-мыс. Осындай әдіспен тағы 7 мемлекеттік орган Ғабдуллинге мемлекеттік тапсырыс берсе керек. Осы іске қатысты алдын ала тергеу жұмыстары басталған. Қазір Бигелді Ғабдуллин Астанадағы уақытша оқшаулау абақтысына қамалған.