Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет басшысы Қарағанды облысы әкімідігінің жылыту маусымына дайын болмағанын айтып сынады

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2017
  • 2425

Шахандағы көпқабатты үйдегі жарылыс жарықтың өшуінен болған. Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі апат себебінің жаңа нұсқасын айтты. Ал Үкімет басшысы Қарағанды облысы әкімдігінің жылыту маусымына сапасыз дайындығын сынады. Тіпті жергілікті биліктегілер мәселені бір-біріне сілтеп, футбол ойнайтынын айтты. Сын садағына тағы кімдер ілікті? Үкіметтің жаңа жылдағы алғашқы отырысынан Айгүл Әдепбай.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Шахандағы қайғылы жарылыстан соң, елдегі барлық жылу қазандықтары тексеріске алынбақ. Тиісті тапсырманы Үкімет басшысы берді бүгін.

Көпқабатты үйлердегі дербес жылыту қазандықтарының құрылыс нормаларына сай келе ме, жоқ па деген сұраққа енді ғана жауап іздеп, ревизия жүргізілмек. Бұдан былай қазандықтар үй астында орналаспауы тиіс. Бұл жұмыстарға Энергетика министрлігі де ат салыспақ. Ал Ішкі істер министрі Шахандағы апатқа қатысты жаңа версия келтірді.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:


Қираған үйде қазандық 1997 жылы орнатылған. Ал 2004 жылы тұрғындар есебінен жаңа жылыту қазандығын қойған. 4 от жағушы алған. Қазандық 95 градустық қысымға дейін шақталған. Температура одан асса, жарылыс болуы мүмкін. Оқиға болған күні сағат 20:30-да жарық өшкен, салдарынан пештің сорғылары тоқтап, қысым артып кеткен, арты жарылысқа әкеп соқты.

Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысы әкімдігінің жылыту маусымына дайын болмағанын айтып сынады. Үкімет басшысының Ішкі істер министрлігінің жұмысына да көңілі толмады. Халыққа тіркеуді міндеттеп, ал оған жағдай жасалмаған, түсіндіру жұмыстары да жүргізілмеген деді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

-У нас закон когда был подписан? -7 января. - Нет, подписан когда был? - В декабре был подписан. - Какого декабря? -28 декабря. -22 декабря. Первое разъяснение мы когда дали? Мы дали после того, как пошел ажиотаж в ЦОНах.

Премьер-министр онлайн тіркеу жүйесінің жұмыс істемей тұрғанын да сынады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» төрағасы Данияр Ереншіновті де сұрақтың астына алды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Почему в онлайн-режиме нельзя регистрироваться? -На сегодняшний день данную услугу можно регистрировать через egov только постоянную регистрацию. - Нет, я и спрашиваю, почему нельзя, почему не разрешить, не решить эту пробелму? - Бахытжан Абдирович, данная услуга будет разработана в  течение месяца. - В течение месяца уже и ажиотажа не будет.

Ал журналистер сұрағына жауап берген Ішкі істер министрі тіркеудің тетіктерін реттейміз, 14-15-минуттың ішінде тіркелуге мүмкіндік болады деп сендірді.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:


Енді кемшілік болды. Соның бәрін қазір өзгертеміз.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Ішкі істер министрі экстермизм және терроризммен күрес туралы заң күшіне енген 7 қаңтардан бастап, 40 мың адамның тіркеліп үлгергенін жеткізді. Ал әзірге халыққа қызмет ету орталықтарына лап қойған жұрт бір-бірмен сығылысып, сағаттап кезекке тұрып, тіркеліп жатыр. Ал тіркелмегендерді 1 айдан соң жазалаймыз, деді бас полицей. Үкімет басшысы болса, тіркеуді тез арада реттеуді тапсырды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ