Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Транстынықмұхиты елдері әріптестігінен шықса, ұйымның ешбір мәні қалмайды - Синдзо Абэ

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2016
  • 2515

АҚШ Транстынықмұхиты елдерінің әріптестігінен шығып кетсе, онда ұйымның ешбір мәні қалмайды. Бұл туралы  Аргентинада сапарлап жүрген Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеді. Оның пікірінше, келісімге қатысушы елдердің ешқайсысы АҚШ-тағы сайлаудан соң өз ұстанымынан бас тартпаған,- деп жазады Рейтерс.

Әңгіме Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Сингапур, Малайзия, Вьетнам, Жапония, Мексика, Чили мен Перу мемлекеттері туралы болып отыр. Аталған елдер Азия -Тынық мұхитындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойған.

Бұл Құрама Штаттарды басқарған Барак Обаманың маңызды бастамасы болатын. Айта кетейік, Ақ үйдің сайланған басшысы өз президенттігінің алғашқы күнінде АҚШ-ты Транстынықмұхиты елдерінің әріптестігінен алып шығуға мүдделі екенін айтты.

Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі:

Құрама Штаттар болмаса, транстынықмұхиты елдерінің әріптестігі мәнсіз ұйымға айналады. Өзге елдерді ішкі үдерістерді тезірек жасақтауға мейлінше үгіттейтін боламыз. Осылай еткенде келісімді ратификациялауды жеделдетуге мүмкіндігіміз бар. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА