Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропалық парламентте Түркия мәселесі бойынша пікірталас басталды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2016
  • 2491

Еуропалық парламентте Түркия мәселесі бойынша пікірталас басталды. Рейтерстің мәліметінше, осы аптада түріктердің Еуроодаққа кіруі жөніндегі келіссөздерді тоқтатуға дауыс беру мәселесі шешілмек. Ал Түркия басшылығы бұған немқұрайды қарайтындай сыңай танытуда.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, "Түркия Еуроодаққа қатысты алаңдамауы керек және бұл тақырыпқа байланып қалмауы тиіс". Бұл пікірдің астарына үңілсек, олар Еуроодаққа балама ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуды меңзейтіндей. Ресми Анкара кәрі құрлықтың негізгі ұйымына кіруге 53 жылдан бері талпынып келеді. Алайда,15 шілдеде сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкерістен кейін Брюссель түрік билігін демократиялық құқық пен бостандықты бұзды деп ашық сөккен еді. Бұдан Түркияның Еуропалық одаққа жақын арада қосыла қоюы екіталай екені анық байқалады.

Айбек ҚОСАН