Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент мемлекеттік бағдарламаларға қатысты жиын өткізді

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2016
  • 2795

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті дамыту бағдарламаларына қатысты жиын өткізді. Оған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен үкімет мүшелері қатысты.  Мемлекет басшысының айтуынша, аграрлық сала жіті қадағалауды қажет етеді. «Бізде өңдеу кәсіпорындарының жұмысын ұлғайту үшін шикізат керек. Ауыл шаруашылық қауымдастықтарының жұмысы да маңызды,- деді Елбасы. Сондай-ақ, жұмыссыздарды еңбекпен қамту керектігін айтты. Өңірлердегі жұмыспен қамту бағдарламаларының барысы да сөз болды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Қалаға оқу үшін, тұратын жер керек, тамағына ақша керек. Келмейді олар. Ауылда жұмыс жоқ, мамандық жоқ. Қалаға келсе, жұмыс жоқ, базарға барады. Сондықтан біз мобильный группаларды жасап, ауылға барып оқытамыз. Қалаға келетін болса, жұмыс істеуге мүмкіндік береміз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мынаны орындайтын болсақ, ауылдағы жүрген жастарға жұмыссыз көп жақсылық жасаймыз. Жаңағы серпін, ұмытпау керек. Жұмыссыз жүргендерге жұмысы бар жерлерге ауыстырып, сол жақтан жұмыс беру керек. Егер де ауылда осы жұмысты жасасақ, анау жүрген негізінде қазақтың балаларына жақсылық жасаймыз біраз.