Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың атын ауыстыру бастамасына қатысты пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2016
  • 4097

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың атын ауыстыру туралы бастамаға орай пікір білдірді. Президенттің айтуынша, ол Елорданы өзінің есімімен атауға қатысты ешқандай ұсыныс немесе тапсырма бермеген. Мемлекет басшысы 25 жылдағы қол жеткізген жетістігіміз тек жалғыз адамның еңбегі деуге келмейді деген пікірде. Ол, мұны барша халықтың бірлесе жұмылған нәтижелі жұмысының жемісі, деп атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қай нәрсе болса, соған нұр, нұрлы деген сөздерді қосады. И все это идентифицируется с моей персоной. Я уже много раз на эту тему говорил. Анаған да, мынаған да алып келеді де, оның барлығы считается, наверное, что я команду даю, чтобы везде писали Нур, Нурлы. И вот вчера Парламент предположил, что, возможно, даже столицу переименовать моим именем. Я таких предположений не высказывал и не говорил. Парламент - это самостоятельная часть власти. Они имеют право принимать решение, говорить своё мнение. Любой вопрос, переименование городов, населенных пунктов и так далее, мы будем решать взвешенно, соразмерно тому, что необходимо для государства, для страны.

Айта кетейік, мемлекет басшысы бүгін Ақордада жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысы бойынша кеңес өткізді. Жиында Елбасы бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Полицейлердің келбеті өзгеру керектігін баса айтқан Президент: "Қызметкерлер азаматтардың сеніміне ие болып, олардың қызметі ең алдымен халыққа көмек көрсетуге бағытталуы тиіс", - деді. Және де Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің ауыл шаруашылығына инвестор тартуда селқостық танытып отырғанын айтып сынады. Сол себепті шетелдік компаниялар елімізде ет-сүт өнімдерінің өндірісімен айналысуға құлықсыз көрінеді.   

Айгүл ӘДЕПБАЙ