Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бәйтерек Development» АҚ бұрынғы басшысы Бақыт Жақсыбаев қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2016
  • 2978

«Бәйтерек Development» АҚ бұрынғы басшысы Бақыт Жақсыбаев ұсталды. Астанадағы №2 Алматы аудандық соты оны қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады. Экономика министрлігі "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту және жаңғырту орталығының" жетекшісі қылмыстық жүйені ұйымдастырушылардың бірі ретінде ұсталып отыр. Ұлттық бюро таратқан хабарламада ол қылмыстық іске қатысқандарға жетекшілік етіп, олардың ролі мен параның көлемін анықтап отырғаны жазылған.

Айта кетейік, бұған дейін "Бәйтерек Development" компаниясының үш бірдей топ-менеджері ұсталған еді. Оларға "Нұрлы жол" бағдарламасымен жалға берілетін үйлерді салу бойынша өткен мелекеттік сатып алулар кезінде белгілі бір құрылыс компаниясының мүддесін қорғап, аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылды.