Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ауыл өнеркәсібі өнімдерін экспорттаушы орталық құрылады

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2016
  • 4062

Қазақстан экспорттан түсетін пайданы арттыруды көздеп отыр. Өткен жылғы табыс небары 2 млн долларды құраған. Ол үшін шағын және орта кәсіпкерлердің өнімдерін біріктіріп, шетел асыру мақсатында алдағы уақытта ауыл өнеркәсібін экспорттаушы орталық құрылатын болады. Орталық қызметі отандық кәсіпкерлерге жарнама жасап, шет елден де сатып алушы іздейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздің ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева мәлімдеді. Әзірге ол тек жоспарлы түрде қаралып жатқан іс.

Қазақстан азық - түлік өніміне үлкен сұранысы бар Қытай, Ресей және Орталық азия елдерінің бірсыпырасымен шекаралас. Вице-министрдің сөзінше, бұл елдердің жылдық импорт көлемі  7 триллион АҚШ долларын құрайды. Аса ірі тұтынушылық нарығында азық-түлікке деген сұраныс арта бермек. Шағын кәсіпкерлердің өнімдерін кооперативтендіріп, сұраныстарды қамтамасыз етуге жағдай жасалмақ. Қазақстан келер жылдан бастап бидай экспортын 9 млн тоннаға арттыруды көздеп отыр. Шығарылатын нарық Ресей, Тәжікстан, Иран, Өзбекстан, Қытай. Сондай-ақ бірінші рет Вьетнамға 700 тонна астық экспортталмақ. Қазір елімізде шетелдік сұранысқа сай сертификацияланған тек 19 кәсіпорын бар екен. Алда экспорт көлемі айтарлықтай арта түспек.

Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Атқарылған кешенді жұмыстардың арқасында экспорт көлемі артады деген жорамал бар. Ірі қара еті  70 мың тоннаға дейін, қой мен шошқа еті 10 мың тоннаға артса, импорт, керсінше, азаяды деген жорамал бар. Бұл біз ішкі сұранысты толық қамти аламыз деген сөз.