Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2016
  • 2559

Қарағанды облысында мыс концентратын өңдейтін 2 гидрометаллургиялық зауыт салу жоспарланып отыр. Кеншілер аймағында 1 миллиард тоннадан аса мыс қалдықтары жинақталған. Қажетті шикізат қоры 40 жылға жетеді,- дейді жоба авторлары. Бұл туралы Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Жезқазған қаласына жұмыс сапары барысында айтылды.

Қазір тың жоба мыс қорыту зауытында сынақтан өткізіліп жатыр. Кен қалдығын сумен шаю арқылы, пайдалы металл алу көзделген. Жаңа кен орындарын игеруге 105 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр. Қарағанды облысында үш жаңа кеніш ашу көзделген. 15 мыңдай тұрғын Сәтпаев, Жезқазған қалаларына көшірілмек.

Бахтияр Қырықпышев, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС басқарма төрағасы:

Қазір тәжірибелік зауыттың құрылыс жобасын жасап жатырмыз. 2017 жылы тамызда аяқтаймыз деген жоспар бар. Егер сынақ жақсы нәтиже берсе, бұл технологияны өндіріске толық енгіземіз.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

25 бес қабатты тұрғын үй салу көзделген. Ол үшін 12 млрд теңгедей қаражат керек. Әзірге 7 миллиард таптық. Бұдан басқа екі қабатты үйлерді де тұрғызамыз.

Кәрім Мәсімов Жезқазғандағы «Баян» азық-түлік өндірісін аралады. Кәсіпорын жылына 360 тонна шырын және сүт тағамдарын шығарады. Пайдалы отандық өнімдерді жергілікті металлургтер тұтынады.   

Айжан ҚУАШ