Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда мемлекеттік тілде патриоттық әндер фестивалі өтті

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2016
  • 3898

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті. Этномәдени орталықтардың жастар ұжымдары атсалысқан шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған. Биылғы фестивальге 17 шығармашылық ұжым қатысып, өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілде ән шырқады. Көрермен қауым жас буын өкілдерінің орындауында  елге танымал туындылармен қоса, бүгінгінің хит әндерін де тыңдады.

Гауһар Мұзафар, «Эльбрус» кабардин-балкар этно-мәдени орталығының өкілі:

Маған бұл байқау өте ұнады. Мен келесі рет тағыда байқауға қатысамын. Біз байқауда қазағымыздың әнін орындаймыз.

Павлодар өңірінде 26 этномәдени орталық жұмыс істейді. Тіліміз бөлек болса да, бәріміздің Отанымыз ортақ. Ол - Тәуелсіз Қазақстан. Сондықтан басты мақсат - елімізде орнаған татулық пен келісімді нығайта түсу,-дейді шараға қатысушылар. Ән кешінің өткізілуіне Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы ұйтқы болды.

Жұлдыз Тәйкебаева, «Нұр Отан» партиясының ПОФ төрағасының орынбасары:

Шараның басты мақсаты - біздің тәуелсіздігіміздің басты байлығы - халықтар арасындағы татулықты көрсету.