Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздегі 24 мектепте балалар әлі күнге дейін 3 ауысымда оқиды

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2016
  • 2329

Еліміздегі 24 мектепте балалар әлі күнге дейін 3 ауысымда оқиды. Ал өткен оқу жылында 48 мектеп нормативке сай келмеуіне байланысты өз жұмысын тоқтатқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты.

Биылдан бастап 1 сыныпқа баратын 370 мыңға жуық оқушы жаңа стандарт бойынша білім алмақ. Оқу жылын бастауға дайындық актілерін 6749 мектеп алған, бұл барлық білім ошақтарының 94 пайызы. Дегенмен Қызылорда және Ақтөбе облыстарында кей мектептерде дайындық мерзімін уақытылы аяқтау мүмкін болмай отырған көрінеді. Бұл олқылық  өзге өңірлерденде шығуы мүмкін, себебі арнайы комиссия мектептерді қабылдау бойынша жұмысты әлі де жалғастырып жатыр. Биыл жаңадан 11 мектеп ашылғанымен, білікті ұстаздардың жетіспеушілігі білім саласының  бас ауыруына айналып отыр.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Әр ата-ана жоғары мен бірінші категориялы мұғалім баласына сабақ бергенді қалайды. Бірақ бізде жас мамандар бар, 2-санаттағы мұғалімдер бар, ауылдан келген мұғалімдерді, әрине, бізде кәзірде әр директор алмайды. Мұғалімдер жетпегенде, біз соларды қолға алып, үйретіп, наставничество деген әр мектепте бар. Соған біздер міндетті түрде қатты қараймыз, ол бізде бақылауда болады.