Қызылорда облысының тұрғындары қой ұрлап, сойып алған. Polisia.kz. дерегінше, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылының тұрғыны үй ауласындағы мал қорасының ішінен екі қойы ұрланғаны жөнінде полицияға арызданған. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары мен жедел-тергеу тобы жіберіліп, күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде сол ауылдың 25-26 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың ұрланған малды сойып үлгерген. Айғақты заттар алынды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 3- тармағымен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.