Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 237 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2023
  • 2302

ТАСС агенттігінің ақпаратына сәйкес, кем дегенде 639 адам зардап шеккен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің көпшілігі Латакия, Алеппо, Хама және Тартус провинцияларында тіркелген Бұған дейін сириялық БАҚ 111 адам қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Сирияның Дамаск бақылауына алынбаған аудандарында құрбандар, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

SANA агенттігінің хабарлауынша, республиканың қорғаныс министрлігі:

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен халыққа жедел көмек көрсету, үйінділер астында қалған адамдарды іздеу және алып шығу үшін елдің барлық провинцияларындағы құрамаларын және [ведомстволық бағынысты] құрылымдарын жұмылдыруда.

Араб Республикасы Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Ахмед Думейрия атап өткендей, «бұл әлі нақты сан емес және құтқару жұмыстары жалғасқан сайын құрбандар саны артуы ықтимал».

Өз кезегінде Сирияның Көлік министрлігі елдің солтүстік аймақтарында теміржол байланысының тоқтатылғанын хабарлады.

«Жолдар мен көпір құрылымдарының ықтимал зақымдануын ескере отырып, сақтық шарасы ретінде пойыз қозғалысы тоқтатылды», - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Al Hadath мәліметінше, ондаған адам Алеппо, Идлиб, Латакия және Хама провинцияларында қираған ғимараттардың астында қалып қойған. Құтқару жұмыстары қатты жаңбырға қарамастан жалғасып жатыр.