Русский Сайттың толық нұсқасы

Баспаналы боламын деген жұрт түннен бері банктің алдын күзетті

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2023
  • 996

"Баспаналы боламын" деген жұрт түннен бері қаладағы банк филиалдарының алдын күзеткен. Себебі, бүгін "7-20-25" бағдарламасы бойынша жаңа өтінім қабылдау басталды. Неге мұнша кезек туындады? Әсел Дүкембаеваның бейнематериалы.

Елордада қатты аязға қарамастан жұрт түннен бері "Банкцентркредит" ғимаратының алдында кезекте тұр. Тіпті еліміздің түкіпір-түкпірінен келіп, банктің ашылуын күтіп тұрғандар да бар. Бәрінің қалағаны - тиімді бағдарламамен баспаналы болу.

Қарлығаш ӘБІКЕНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кеше кешкі 8-ден бері осындамыз. Сол кездің өзінде 40-50 шақты адам кезекте тұрды. Таңғы 5-тен бері осы жерде жазбаша тізім жасадық. Қазір түскі бір болды, 10 адамды ғана қабылдады. Бұл қалай сонда? Банктің ішінде 2 менеджер ғана қызмет көрсетеді, әрине үлгермейді.

Дәл осындай жағдай Астананың басқа аудандарында да байқалады. Айтуларынша, кезек қолдан жасалған. Банк қызметкерлері жарты күн өтпей жатып, банкке берілген "ШЕКТЕУ" қойылғанын хабарлапты.

Әйгерім РАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Халыққа сүйек тастаған сияқты 4 адамға беріп тұр. 80 адам бір отделениеде. Аяғы ауыр келіншектер тұр, кішкентай балаларды машинада ұстап отырды. Сағат сайын келіп, списоктан түсіп қалмау үшін, кезекте тұрдық.+Міне қолдан жасалған списокпен кірдік.

Банк директоры, бұл мәселеде олар тек орындаушы екенін атап өтті. "Қазақстанның орнықтылық Қоры" бөлген қаржы аясында ғана жұмыс істейтіндерін жеткізді.

Дина СЕЙТҚАЗИНОВА, "БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ" АҚ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

7-20-25 бағдарламасының аясында банкке қатысты шектеу қойылған. Таңғы 9-дан түскі 12-ге дейін қабылдау жүргіздік. Астана да болсын, басқа өңірлерде болсын, біз шектеу бойынша жұмыс істедік. Біз тек орындаушы ретінде қызмет атқардық.

Биылғы шектеудің соммасы - 100 млрд теңге. Бұл дегеніміз орташа есеппен айына 400-ден астам отбасы баспаналы болады деген сөз.

Айбар ОЛЖАЕВ, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ" АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

2018 жылдан бері 7-20-25 трлн теңгелікпен жұмыс істеді. Негізі бұл бағдарлама жабылуы керек болған. Билік тарапынан арнайы шешім шығарылып, жаппай азаматтардың сұранысы бойынша, бірақ енді көлемін шектеу бойынша. 7-20-25 бағдарлмасы біздің экономикамызға кері әсерін тигізбеу керек. Ақырындап-ақырындап 7-20-25 бағдарламасы шектеу қойып, экономикадағы орнын жоғалтатын болады. 100 млрд қаржы жетпейді. Оны азаматтар түсіну керек.

Айбар Олжаевтың айтуынша, азаматтардың бұл бағдарламаға бір рет қана қатысу мүмкіндігі бар. Алайда, көбі серіктес банктерге тұрғын үй әлі таңдалмаса да, үй әлі пайдалануға берілмесе де жүгінуде. Бұл негізсіз кезектің пайда болуына әкеліп соққан.

Ә. Дүкембаева