Түркияда жер сілкінісі кезінде ғимараттардың қирауына байланысты 131 адамға іздеу жарияланды.
Оларға зілзала болған аймақтарда үй салуда құрылыс талаптарын сақтамаған деген айып тағылып отыр. Бұл туралы вице-президент Фуат Октай мәлімдеді.
«131 адам жер сілкінісі кезінде үйлердің қирауына кінәлі деп танылды. Олардың біреуі қамауға алынды, 113 адамды қамауға алу туралы шешім шығарылды. Күдіктілерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Фуат Октай.
Бұған дейін сарапшылар қинаған ғимараттарда көптеген олқылықтарды анықтаған болатын. БАҚ-та Шанлыурфа провинциясында сегіз адамның қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды. Олардың арасында ірі құрылыс фирмаларының мердігерлері де бар.