Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451- 455 теңгеден саудаланып жатыр. Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452 – 455,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 451 – 455 теңге аралығында құбылып тұр.
10 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 49 теңгеге төмендеп, 450, 82 теңге болған.
Ұлттық банктің 13 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450, 79 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,19 теңге болды.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,95– 6,3 теңге аралығында саудаланып жатыр.