Русский Сайттың толық нұсқасы

Жанар-жағармай бағасы нарық тәсілімен реттелуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2023
  • 1343

Қазақстан біртіндеп жанар-жағармайдың бағасын нарық тәсілімен белгілейтін жүйеге көшуі мүмкін. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында осылай деді. Бұл өз кезегінде мұнай өнімдерінің жетіспеушілігі проблемасын жүйелі шешуге сеп болатынын айтады. Дегенмен ол үшін алдымен мұнай өндеу зауыттарының өндірістік қуатын арттыру қажет деді. Әлихан Смайыловтың мәліметінше, қазір бұл бойынша жобалардың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталу сатысында екен.

"Жобаны іске асыру мерзімі 2029 жылға қарай күтілуде. Сондай-ақ Павлодар мұнай химия зауытында сұйытылған көмірсутекті газды депарафинизациялау және тазарту блогын интеграциялай отырып, гидротазарту қондырғысын реконструкциялау жобалары іске асырылуда. Бұл өз кезегінде 2025 жылдан бастап мұнай өңдеу қуатын жылына 600 мың тоннаға қосымша ұлғайтуға мүмкіндік береді",- деген ҚР Премьер-министр Ә.Смайылов