Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында 311 білім беру орталығы аттестаттаудан өтпеген

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2023
  • 1487

Түркістан облысында 311 білім беру орталығы аттестаттаудан өтпеген. Мемлекеттік атестаттауға өткен жылы жалпы 366 білім беру ұйымы тіркелген. Алайда оның 85 проценті талапқа сай болмай шықты. Атап айтқанда, ол – 186 балабақша, 117 мектеп және 8 колледж.

Жанар ҚАСЫМОВА, ОБЛЫС БОЙЫНША БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мектеп, коледж мемлекеттік атестаттау нәтижесінде, анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде бару арқылы профилактикалық бақылауға түседі. Демек департамент тарапынан барып бақылау жүрігізіледі. Сонымен қатар колледж мемлекеттік тапсырысты алу конкурсына қатысу мүмкіндігінен айрылатындығына әкеп соғады.

Б. Сатуов