Русский Сайттың толық нұсқасы

Сейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы қандай?

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2023
  • 657

Қазгидрометтің 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы бойынша, еліміздің кейбір аймағында қар жауып, көктайғақ болады.

Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында – ауа райы жауын-шашынсыз.

Ел аумағының басым бөлігінде тұман түседі.