Орал қаласында жоғалып кеткен оқушы қыз бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 2008 жылғы Зарина Нығметова 10 ақпан күні шамамен сағат 22.00-де Тополинская 1-мекенжайындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.
«Қаладағы №34 орта мектепте оқитын қыз содан оралмаған. Бойы 162-165 см, арықша келген, қара шашы иығына түскен. Қоңыр-сарғыш түсті күрте, көк шалбар, қара етік киген. Ерекше белгілері жоқ. Қолында Самсунг телефоны (абоненттік нөмірі 8-747-445-32-17), қара күртесі мен джинсы шалбары салынған пакеті болған. Жасөспірімді көрген-білген жандар болса, Орал қаласы полиция басқармасына әкелуі немесе 8-711-2-92-18-41, 92-18-42, 8-778-105-21-25, 102 телефонына хабарласулары сұралады», - деп хабарлады ведомстводан.