Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде өрттен зардап шеккен тұрғындар тағы өтемақы алуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2023
  • 1122

Тобыл өңірінде өрттен зардап шеккен тұрғындар әлі көмекке мұқтаж. Әсіресе жол бойындағы базарда сауда жасаған адамдар ісін жалғастыруға ақша таппай отыр.Орманның арқасында күнелткен олардың сыпыртқы, саңырауқұлақ, бал секілді өнімдері түгел өртеніп кеткен. Қаржылай қолдау көрсетілсе, базарға қайта барар едік дейді көпшілік. Тұрғындар тілегін тілшіміз Заңғар Санай тыңдады.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Алапат өртке дейінАаманқарағай тұрғындары осы жерде сауда жасап, ақша тапқан. Жергілікті билік шағын базарды қайта қалпына келтіріп қойыпты. Бірақ сатушылардың көбісі жоқ.Өйткені олардың өнімі түгел өртке оранған. Істі қайта бастау үшін қаржылай қолдау қажет деп отыр.

Сахан Қажығалиқызы 20 жыл бойы жол бойындағы базарда сыпыртқы, саңырауқұлақ, бал сатып ақша тапқан. Отбасын осымен асыраған. Өрттен кейін қол қусырып қалғанын айтады.

Сахан ҚАЖЫҒАЛИҚЫЗЫ, ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бәрі жанып кетті. Менде 5 мыңға жуық сыпыртқы болды. Отбасымызбен орман арқылы күн көріп отыр едік. 100 литр саңырауқұлақ жанып кетті.Соның бәрін санағанда 5 миллионға жуық аша. Қазір бір банка алатын ақшам жоқ.

Өрттен зардап шеккен отбасылардың әрқайсысына 5 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Төрт түлігі, қора-қопсысы жанып кеткендерге де төлемақы берілді. Қазір қайырымдылық қорынан тағы қаражат бөлу жағы қарастырылып жатыр дейді аудан атқамінерлері.

Әсет БЕКЕШ, ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Құжаттарын бәрін тексеріп, қарап сосын төлемақысын зардап шеккен адамдарға төлейді. Қордың саясатына байланысты бір миллион теңгеден әр адамға.

Батырбек АХМЕТОВ, ҚОР ТӨРАҒАСЫ:

Әулиекөл ауданынан түскен 170 адамға құжат бар.Соларды ертең құрылтайшылармен жиналып, қарап көреміз. Қандай мүмкіншілік, қалай бөлетінімізді. Біздің қорда қазір 280 миллион көлемінде ақша тұр.

Қорға 1 миллиард 267 миллион теңге түскен. Соның 232 миллионы тұрғындарға берілген. Қалған қаражат межелі мақсаттарға жұмсалады.

З. Санай