Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана бір күнде жүрегі 53 рет тоқтап қалған әйел аман қалды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2023
  • 1531

Астанада бір күнде жүрегі 53 рет тоқтап қалған әйел аман қалды. Ол ауруханаға миокард инфарктімен өте ауыр жағдайда түскен. Науқас түскеннен кейін 10 минуттан соң оған операция жасалған. Осыдан кейін қан айналымы тоқтап, күндіз-түні оның жүрегі бір соқса, бір соқпай қалған. Мамандар жасанды жүрек пен өкпе қызметін қосуға мәжбүр болған. Ең бастысы науқас аман. Ал, дәрігерлер, бұл медицинадағы ғажайып деп отыр.

Руслан ҚАЛИЕВ, РЕАНИМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Науқастың жағдайы қазір жақсы, бірқалыпты деп айтуға болады. Енді өмірге қажет негізгі қызметтері сақталған. Бірақ өзіңіз білесіз енді жүрегі тоқтаған несі барлығы дейтін организм зардап шегеді ғой. Қалпына келуге біраз уақыт керек. Реабилитация дейді ғой сол ұзақ болады. Соны күту керек науқас. Науқас қазір есі анық. Өзі тамақ ішеді. Тыныс алуы да өз еркімен.

Д. Оңласын