Русский Сайттың толық нұсқасы

Көше тағамы онкологиялық ауруларға алып келуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2023
  • 1743

Жастар арасында асқазан-ішек жолдары ауруына шалдыққандар көбейді. Астан ауру тапқандардың дені тез дайындалатын тағамдарды тұтынған. Еліміздегі ас дүңгіршектердің бәрі санитарлық талапқа сай емес. Тіпті, рұқсат құжаттары да жоқ. Дертке шалдықтыратын мұндай орындар ет пен азықты қайдан алады? Аружан Задабек қала көшелерін аралап келді. Көрейік.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Қазір тағамның түр-түрі осындай дүңгіршектерде самсап тұр. Әсіресе жұмысбасты, күйбен тіршілктен қолы босамай жүргендер үшін мұндай орындар үлкен жеңілдік. Ал самса, донер сататын мұндай ғимараттардың ішіндегі аспаздар санитарлық талаптарды сақтай ма? Бірге көрейік.

- Самса қанша?

– 300 теңге.

– Етпен бар ма?

– Бар.

– Қайдан аласыздар?

– Базардан аламыз.

– Тексересіздер ме?

– Конечно, печать бәрі болады.

– Бар ма қағазы қазір?

– Жоқ, цехта ғой.

Асхана қызметкерлері бізді қуана қарсы алмады. Оған себеп те бар. Кафенің іші лас, санитарлық талап сақталмаған. Тіпті тамақ беті ашық күйінде әр жерде тұр. Рұқсат қағаздары да жоқ.

- Салат, неге беті ашық тұр?

– Жабылады ғой беті.

– Қашан жабасыздар?

– Енді алып шықты ғой.

Асханадан шыға сала көшенің арғы бетіндегі самса дүңгіршегіне көзім түсті. Келіп-кетушілер саны көп. Демек, халықтың көңілінен шығады. Ал тағамның халал екенін растайтын сертификаты бар ма?

- Қағазы бар ма халал екенін дәлелдейтін?

– Қағазы жоқ екен. Әлемнен береді өздері.

Сасқалақтаған сатушы сертификатты іздеп әбігерге түсті. Осы сәтте маринадталған етке көзім түсті.

- Беті жабық емес қой, аға.

Санитарлық талаптың сақталмайтыны айтпаса түсінікті. Қоқыс пен еттің бір жерде тұруы осыған дәлел.

Файзуллох ЕРЙИГИТОВ, САТУШЫ:

Бір келі аламыз. Алып келіп, сразу жасаймыз. Біз сақтамаймыз мұнда. Свежий шығады.

Орынның лас екенін ескермесек, тағамдардың иісі мұрын жарады. Мен де шыдамай, дәм татайын дедім. Сатып алдым да...

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Мен сізге мына самсаны берейін, жейсіз бе? – Жегенде, мен қазір жеп алдым ғой. Тойып алдым да, самса жеп алдым. Рақмет, бірақ әдемі самса екен. Жеуге болады негізі. Мен далада көп жүремін ғой, сол үшін көп жеймін.

– Мен сізге мына самсаны берсем, жейсіз ба? – Жоқ, жоқ. Вообще алмаймын мен мынандай жерден. Бір рет ауырғанмын.

– Жоқ, не деп жеймін мен біреудікін.

– Көше тағамдарын жейсіз бе?

– Онша көп жемеймін.

- Мұндай өнімдерді тұтынбаймын.

Адамның астың сапасына, тазалығына көп көңіл бөлуі керектігі жиі айтылады. Десе де, оны ескермейтіндер көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгінде адамзатты өлімге әкеліп соқтыратын факторлардың 60 проценті сапасы нашар, қауіпті азық-түліктен дайындалған тағамдар деп тұжырымдап отыр. Мұндай тамақтарда денсаулыққа тікелей әсер ететін улы заттар болмаса да, олардың құрамындағы кейбір зиянды нәрселер, ағзаны іштен жегідей жеп, біртіндеп істен шығарады.

Айдана АЯЗБЕК, ДӘРІГЕР:

Фастфудта майлар мен көмірсулар көп. Оның ішінде ағуыздар, адам ағзасына пайдалы дәрумендер жоқ. Шұжықтар, сосискалар олардың құрамында алқызыл түс беретін нитраттар қолданады. Ол нитраттар канцероген болып табылады. Яғни, онкологиялық ауруларға алып келуі мүмкін.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Әлгі базардан алған самсаны өзім түскі асқа жемекпін. Дәміне сөз жоқ, дәмді. Бірақ, денсаулық үшін аса пайдалы деп айта алмаймыз. Халқымызда «Ас – адамның арқауы» деген сөз бар. Бірақ кей кезде «Ауру – астан...» екенін де ұмытпаған жөн.

А. Задабек