Русский Сайттың толық нұсқасы

ОСК «Respublica» партиясының 23 кандидатын тіркеді

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2023
  • 599

Орталық сайлау комиссиясы «Respublica» партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынған 23 кандидатын тіркеді. Негізі бұл партия 25 үміткерді ұсынған болатын. Оның екеуі өз өтініштерімен сайси науқанға қатысудан бас тартты.

Шавхат ӨТЕМІСОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осыны ескере отырып, партия тізіміне 23 адам, оның ішінде 8 кандидат – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар енгізілген. Олар бүкіл канидадаттардың 34,8 процентін құрайды. Белігіленген квота сақталды. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді».

Орталық сайлау комиссиясы тағы 7 халықаралық байқаушыны тіркеді. Армения Республикасынан 2, Франциядан 3, Грузиядан 2 бақылаушы ұсынылды. Бұған дейін 6 шет мемлекеттен, 3 халықаралық ұйымнан 72 бақылаушы ресми тіркеуден өткен болатын.

Р. Бақытжанқызы