Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты департамент басшысы ұсталды

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2023
  • 1735

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Төтенше жағдайлар министрлігінің Атырау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысын ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент басшысы 10 ақпанда ұсталған.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аймақ бойынша департамент бастығының міндетін атқарушы Ерұлан Серікқалиев брифингте мәлім еткен. Шенеунік пара алды деген күдікке ілінген.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Серікқалиев параның көлемін атамаған. Оның БАҚ-қа берген мәліметінше, ұсталған тұлғаға кінәсін мойындауына байланысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмаған.