Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирус пандемияcы қашан аяқталады?

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2023
  • 993

ДДҰ мәліметінше, үкіметтердің қолындағы құралдар мұны 2023 жылы жасауға мүмкіндік беруі керек, Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус мәлімдеме жасады.

"Осы айда бүкіл әлемде өлім-жітім және коронавирус ауруын жұқтырғандар саны азайды. Бірақ COVID-19-бен күресуге болатын құралдар қолымызда бар кезде бұл көрсеткіш әлі тым көп. Біздің осы жылы пандемияны тоқтатуға арналған құралдарымыз бар" - деді Тедрос Аданом Гебрейсус

Сонымен қатар Тедрос Аданом Гебрейсус дүниежүзілік ұйым COVID-19-ның шығу тегін анықтауға тырысатынын айтты.

Жақында ол Қытай билігіне осы мәселеде ынтымақтастық орнатуды сұрап, тағы да жазбаша өтініш жолдады.