Қазақстанда 29 жылда қанша төлқұжат пен жеке куәлік берілгені айтылды.
Азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттар Қазақстанда ескі КСРО төлқұжаттарының орнына 1994 жылы енгізілді. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі елімізде 29 жыл ішінде қанша төлқұжат пен жеке куәлік берілгені туралы ресми ақпарат таратты.
1994 жылдан қазіргі уақытқа дейін республиканың Ішкі істер министрлігі жүйесінде 14 962 584 төлқұжат және 41 585 577 жеке куәлік берілген.
"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңға сәйкес, кез келген азамат төлқұжатында өз қалауы бойынша ұлтын көрсете алады. Ұлтық құжатты бірінші рет алған кезде де, оны ауыстырған кезде де көрсетілмеуі мүмкін. Бүгінде бұл құқықты 522 620 азамат пайдаланған", - деді ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарын Қазақстан азаматының төлқұжаттары мен жеке куәліктеріне ауыстыру 1999 жылдың 1 наурызында аяқталған.
"Қазақстан Республикасында 1974 жылғы КСРО төлқұжаттары бойынша тұратын тұлғалардың тіркелмегеніне байланысты төлқұжаттарын айырбастамаған азаматтардың саны туралы мәлімет беру мүмкін емес", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері.
Ресми деректерге сәйкес, республика азаматтарының жеке куәлігінсіз немесе жарамсыз жеке куәлігімен тұруы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады: күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімге – ескертуге, бір айдан астам мерзімге – айыппұл салуға әкеп соғады - 7 АЕК (24 150 теңге).