Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандық жігіт өз бетінше он тілді меңгерген

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2023
  • 1483
Сурет: видеодан скриншот

Түркістан облысындағы ауылдардың бірінің тумасы әлемнің он тілін өз бетімен меңгерген.

Мейірхан Топанбай тілдерді өз әдісімен: аудио оқулықтар мен Брайль қарпімен жазылған кітаптар арқылы үйренген.

29 жастағы Мейірхан – 1-топтағы мүгедек, көру қабілеті нашар. Бала күнінен өзге халықтардың тілін меңгеріп, әдеби шығармаларын оқуға құмар болған.

"Ол университетті кітапхана және аударма ісі мамандықтары бойынша үздік бітірген" ,- деп жазады Zakon.kz.

Мейірхан Топанбайдың айтуынша, түрік, грек тілдерін бала кезінде үйренген. Сонан соң мектеп қабырғасында жүріп неміс және француз тілдерін жақсы меңгерген. Университетте парсы, тәжік тілдерін, кейін поляк және болгар, испан және итальян тілдерін үйренген. Қазір ағылшын тіліне ден қойған.