Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда уақыт белдеуі ауысуы мүмкін

Қостанайда уақыт белдеуі ауысуы мүмкін. Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Тобыл өңірін табиғи уақыт белдеуімен теңестіру мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді. Аймақ тұрғындары мен белсенділер бірнеше жылдан бері табиғи уақыт белдеуінің ауытқуы адам денсаулығына қауіпті екенін айтып келеді. Олар сағат тілін кейін шегеруді талап етуде. Өйткені Қостанай облысының стандарттық уақыты өзінің жағрафиялық белдеуінен 1 сағат 46 минутқа озып отыр. Уақыт белдеуін ауыстыру экология мен жануарлар әлеміне әсер етуі мүмкін. Сондықтан барлық жауапты министрліктермен бірлесе отырып бұл түйткіл түбегейлі зерттеледі. Бұл мәселеге қатысты ведомствоаралық комиссия жұмыс бастады.

Қуаныш ЕЛІКБАЕВ, ҚР СИМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Үкіметте жұмыс тобы құрылды. Осы ақпанда жұмыс тобының жиналысы болады аталған мәселе бойынша. Өте маңызды сұрақ. Білесіздер ғой қазір түн сияқты. Денсаулық сақтау министрлігі, экология министрлігі бәріміз талқылап көреміз.Ақпанда жауап береміз.